Туған жер – Айдыншалқар Хайрат

Бұл бетте «Туған жер» атты Айдыншалқар Хайрат жазған туған жер туралы өлең берілген.

Туған жер

Туған жер ол кіндік қаның тамған жер,
Туған жер ол мирас болып қалған жер.
Туған жер ол туып, өсіп, жетіліп,
Ата-бабам жауға қарсы шапқан жер.
Әркімге ыстық туған жері өзінің,
Арналатын тең жартысы сөзінің.
Туған жерін сыйлай білсін барлығы,
Аман-есен тірісінде көзінің.
Ата-бабам алдағысын, болашағын ойлаған,
Жауға шауып, туған жерін қорғаған.
Бәрімізде еліміздің патриоты болайық,
Аманатты аманатқа жалғаған.
Батырлардың рөлдерін сомдайық,
Ата-баба, туған жер деп толғайық.
Аманатқа қиянат біз жасамай,
Туған жерді өле-өлгенше қорғайық!


Пікірлер (1)

Мақсат

Өте өте керемет екен

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар