Достар-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Достар-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған достық туралы өлең берілген.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2812
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Достар-ай, думанды бала күнгі,
Бір-бірін бағалаған.
Түріп ап етек-жең, балағыңды,
Гүл бағын аралаған.
Достар-ай, бір ойнап, бірге жүрген,
Бір үйдің баласындай.
Кіршіксіз көктемгі күндей күлген,
Көздің ақ, қарасындай.

Қайырмасы:
Жаны жарқын достар,
Таңы алтын достар,
Шырқап салған әнді бірге.
Қыдырсақ та қайда,
Отырсақ та тойда,
Болайықшы мәңгі бірге.

Достарсыз өмірдің мәні бар ма?
Достықпен жарасамыз,
Достарсыз көңілдің сәні бар ма?
Достықпен тамашамыз.
Достарым, кәнеки, ән салайық,
Жолдайық сәлем ізгі.
Әр таңды шаттана қарсы алайық,
Тыңдасын әлем бізді.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері