Жүрегім – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Жүрегім» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 2
  • 34241
Кейде суық, кейде жылы,
Кейде тәтті ләззат тілі.
Кейде бейне көңіл нұры,
Кейде махаббат өнген гүлі.
Сұрғылт дүние теңізінен,
Сұстана қорқып жиренген.
Тақуа тіршілік негізінен,
Өшпейтін өнер үйренгем.
Жүрегім менің жүйткіп жүзген,
Долы мұхит кемесі.
Шабыт туып шаттық жүзден,
Келешек өмір елесі.
Жүрегім менің - дәл соққан
Уақыты өмірдің,
Талабыма нұр жаққан
Қуанышы көңілдің.
Жүрегім менің - жанған от,
Жылуы бітпей сөнбейтін.
Жүрегім менің - ұшқан оқ,
Тастауға қағып көнбейтін.
Кейде мұңлы, кейде шат,
Жүрегім менің қат-қабат.
Аяулысы сол жүректің
- Ләззәтті махаббат.


Пікірлер (2)

Үміт

Керемет мен осы өленді оқймын

Сара

Маған ұнады. Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері