Өлең, жыр, ақындар

Шындық

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1577
Осы біз шындықты айтсақ өлеміз бе?
Орынсыз мақтанамыз келеміз де.
Бір жерде бір сөзіміз өте қалса,
Көзіміз шыға келер төбемізге.
Еліріп ешбір жанға қарамаймыз,
Талант деп өзімізді бағалаймыз.
Өлеңнің бес-алты ауыз басын құрап,
Жазушылар одағын жағалаймыз.
Білмейміз әлек болып әлімізді,
Жалдаймыз жалған сөзге жанымызды.
Шырқаймыз шылп етпестен иемденіп,
Үйренген өзгелерден әнімізді.
Біз қайтіп бұл әдетпен артыламыз?
Көп көріп аз нәрсені, артынамыз.
Нан пісіп кеудемізге болмай жатын,
Бұлақтай құмға сіңген сарқыламыз.
Адам боп әуел баста жаратылып,
Жасаймыз жанға бітпес дара қылық.
Өлеміз өзгелерге кінә тағып,
Өлсек те орға жығып дарақылық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақыл айту

  • 0
  • 0

«Суға жиі барасың», –
Деп сөкті ана баласын.
Ақыл айтты жөнге кеп:
«Жүзіп жүріп өзенде,

Толық

Нешеуміз?

  • 0
  • 0

Ал, санаңдар,
Санаңдар,
Бізге, достар,
Қараңдар.

Толық

Қызғалдақтың түсі

  • 0
  • 0

Қыр астына күн батты,
Қауашағын гүл жапты.
Қара құс боп түн келді,
Түс көреді гүл де енді.

Толық