Бес періште ата-ананың жұмағы
Бес періште ата-ананың жұмағы
Екі мыңда он тоғызыншы жыл еді,
Ақпан айдың бұл төртінші күні еді.
Аязда емес, боранда емес түн еді,
Кім біліпті мұндай жағдай боларын.
Түн ішінде үй іші өртке толарын?
Сәбилерге ажал келіп қонарын!
Ата-анасы еш ұрпақсыз қаларын!
Ата-ананың жас толтырып жанарын!
Өкінішті-өлеңменен жазайын,
Биліктегі ағалардан қаларым.
Қолдарынан келген көмек берсе екен,
Осы менің тек олардан сұрарым!
Болмаған соң жеке меншік пәтері,
Өрттен болды бес баланың қатері.
Ажал айтып келмейтінін сезсе екен!
Әр адамның сезімталдық қапері.
Бұл балалар-бес періште қыз екен!
Шақырыпты ата-анасын қызметтен.
Әр ата-ана арманы ғой,әрине,
Қызы өсіп,ұлы дағы ержеткен!
Бесеуі де қыз бала екен нәзік жан,
Ата-анаға тартып туу қаныңнан.
Жақындарың ұшып кетсе аспанға,
Сезінесің айрылғандай барыңнан.
Сезінбеуде үшін мұндай жаман сезімді,
Туыс-туған,жақындардың барлығы,
Ешқашанда кетпесе екен жаныңнан.
Мінезді қыстың бұл айы Ақпан,
Тұр ренжіп ,долданып бұған табиғат.
Көк мұз бен ақ боран,
Аязды күшімен ашуын шығарат.
Жақсыларды ардақтамай қоймайық!
Бұл өмірге келгенде,
Тірілерді тірі кезде сыйлайық!
Дәрменсізбіз о дүниеге кеткенде!
Қайғыра көңіл айтамыз ,
Періштелердің ата-анасына.
Тәңірімізден бүгін тілерім,
Қалғандарының салма басына!
Біздер дағы бұл өмірден өтеміз!
Ұрпақтарға беремізде кезекті,
Біз кетеміз,кету үшін келгеміз!
Дүниеге келген Ақпанда,
Ақиық ақын Мұқаңда бір шың!
Қиын сәттерде арқау болатын,
Тілерім ақын жандарға,
Ешқашан қаламың-мұқалмасын!!!
Бес аққудан айырылған ата-ананы,
Неге билік тергейді!
Биліктегі ағалар кеп тексеріп,
Қате өзіңнен деп оларда көнбейді!
Бір мезетте бес періште...дегенде...
Ата-ананың жүрегі оған сенбейді!
Қызын сүйіп,шашын тарап ендігі,
Бет-әлпетін көрмейді...
Бес періште ажал құшты,сұмдық-ай!
Ата-анасы оны қалай жерлейді!!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі