Жер ортасына келгенде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жер ортасына келгенде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4218
Жер ортасына келгенде
пайда болды бір құзыр:
өңешім бе, кеудем бе –
өртейді кеп бір қыжыл.
Артық тамақ та ішпеймін,
жүріс те жоқ мезгілсіз.
Машинадан түспеймін,
жүргем де жоқ ел-күнсіз.
Айналама қарап мен
күзгі аспандай бұзылам:
іш жағымда бір жылан
салып жатады жүз ылаң.
Анау – сол да кісі ме!-
озып кетті менен деп.
Ас айналмай ішіме,
қасіретті шегем кеп.
Бастық қойды мынаны –
артық па еді ол менен?!
Қалқиып қос құлағы,
өмірде түк көрмеген.
Тұман басып Күн маған
тар секілді Жер-тұғыр.
Аян берді түнде анам:
«Күншілдіктің дерті бұл».
У жанымды тырнады,
жаттым, көзім жұмулы.
Жоқ па сонда бір дәрі
қайтаратын бұл уды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер ортасына келгенде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жер ортасына келгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер ортасына келгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер ортасына келгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері