Аға неге хабарласпай кеттің деп –
Келіс Рахымжанов
Бұл бетте «Аға неге хабарласпай кеттің деп» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аға неге хабарласпай кеттің деп
Қызық шығар ағасынан хат күтпек.
Бірақ ол жан айта алмайды қарағым
Хат жазуға біз есейіп кеттік деп.
Білсе де ол айта алмайды көп жайды.
Сағынғанда тек өлеңін арнайды
Кейде өмірде ғашық болған жанға да
Арманыңды сездіруге болмайды.
Жатар бәрі жүрегіңде сақталып
Жылдап жазған жырларыңмен хатталып.
Хат жазбасаң кінәлі боп қалардай
Өз-өзіңнен отырасың ақталып.
Күндер деген зулайды кеп білінбей
Ерте солған күзгі бақтың гүліндей.
Қайтқан құстың сағынышы тәрізді
Хат келеді ерте көктем күніндей.
Көктем өтіп бірде сосын жаз келер
Жайнап жатқан жасыл өңір өзгерер.
Бір көрсем деп сол бақытты кездерді
Жиі-жиі еске алатын кез келер.
Сағынып мен хат жазамын сол шақта
Сәлем жолдап өзің жүрген аймаққа.
Мені білген туыстарға қол беріп
Жүрегімен жақын адам болмаққа.
Жырларымды оқып сонда қабыл ал
Іздегенге көп қазына табылар.
Оны оқып өзге емес біреулер
Жүрегі ыстық жазған жанды сағынар.
Солай-солай сағыныштан жыр өріп
Хат жазысып хабарласып жүрелік.
Ғұмыры ұзақ сезімдердің біз кешкен
Ең сәулелі сәттеріне сүйеніп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі