Залымдық ойлап жүретін
Бұл бетте «Залымдық ойлап жүретін» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Залымдық ойлап жүретін
Жан емен мысық тілеулі.
Ақшаны ғана білетін
Заманға көңіл жүдеулі.
Ақыл мен білім болса да
Қалады-ақ көңіл құлазып.
Беріліп амал-айлаға
Адамдар шын-ақ жүр азып.
Жүректе дейтін әділет
Айтылып жылы сөздермен.
Қанағат, ар мен қабілет
Ақша деп бәрі өзгерген.
Әркім де басын қамдап жүр
Сайлап ап төрден орынды.
Отан деп бүгін сайрап тұр
Ойлайтын жандар қарынды.
Аңсайсың кейде жарықты
Тұрған соң көріп айтасың.
Ойлайтын жандар халықты
Қағып жүр елдің қалтасын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі