Қаршыға деген бір құс бар
- 0
- 6
Қаршыға деген бір құс бар,
Қанаты айдың астында.
Ұясы оның саяда,
Қарағай, қайың басында.
Бұл бетте «Мезгілдерім тамаша!» атты Улдана Амантаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаршыға деген бір құс бар,
Қанаты айдың астында.
Ұясы оның саяда,
Қарағай, қайың басында.
Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер.
Еділ менен Дендерден,
Сағыз бенен Жемдерден,
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Еріккенде ер едік,
Ерінгенде би едік.
Ай астында бір көл бар,
Ат шаптырса жеткісіз.
Ортасында алуа, секер бар,
Татқан қулар кеткісіз.
Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қалы кілем, қара нар
Жарасады қатарға.
Аруана жисаң жарасар
Ұлы күнде сапарға.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі