Аспандағы бозторғай – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Аспандағы бозторғай» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 2
  • 16934
Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы,
Айланбастың Алатау
Бауырында болар саясы.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сөйлесіп, көп тыңдар
Хас асылдың баласы.


Пікірлер (2)

темірбек

оте керемет олен

темірбек

керемет олен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері