Өлеңменен сырласу
Бұл бетте «Өлеңменен сырласу» атты Гүлнұр Жиенбаева жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.
Міне,бәлкім...
Өлеңменен сырластым
Өлең-досым,өлең-жаным,мұңдасым
Айта алмаған сырларымды іштегі
Өлеңменен жеткіземін,тыңдасын
Арнап едім
"Өлеңге" де өлеңді
Маржан-жаһұт сөздерімен көмкерді
Жан дүниемде болып жатқан сәттерді
Өлеңімнен басқа ешкім білмеді
Бұл өмірдің қырлары мен сырларын
Өлеңменен жеткізіп,мен жырладым
Сөз патшасы,сөз сарасы жаһұтпен
Әсемдедім,сырласымның жыр бағын
Парақ пенен қалам алып қолыма
Сапар шегіп келемін өлең жолында
Сезімімді айтып бәрін жеткізген
Өлең болды мәңгі серік жанымда
Еріксіз жас келгенде көзіме
Жан біткендей небір ғажап сөзіме
Сыр ақтарып,ақ параққа жазғанда
Өлеңдерім бағынбайды өзіме
Жаһұт таспен көмкерілген өлеңді
Сырласыма айтатыным көп енді
Тас жүректі елжіретіп,жібіткен
Сезімге толы,нәзік тиген сөз еді
Өз-өзімді жұбатамын өлеңмен
Ашылса жара,тереңдікте көмілген
Жан дүниемді қуантатың бұл досым
Ішкі сырды түсінеді көзімнен
Міне,мүмкін...
Өлеңменен мұңдастым
Өлең-жаным,өлең-досым,сырласым
Айта алмаған сезімімді іштегі
Өлеңменен жеткіземін,тыңдасын
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі