Сәскеде – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сәскеде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Ерен екен мынау Алатау бүгін,
Құз – ару қыз бұлғайды ақ жаулығын.
Асқар шыңның демі жылып, бусанып,
Сызылып жәй сәскелікке ауды күн.
Судыраған торғын сынды құбылып,
Танғы ауа – ақ хрусталь сырылып,
Кербез Алатау алдына мұнартқан
Құрып алды көп-көгілдір шымылдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері