Арман қала-Астана – Дәурен Қуанышев

Бұл бетте «Арман қала-Астана» атты Дәурен Қуанышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арманым, болашағым-Астанам,
Еш нәрсе бір өзіңнен аспаған.
Нық сенімді серік қылып болашаққа
Барайын есігіңді аш маған.

Уа, Астана, Қазақстанның жүрегісің,
Саған айтар алғысым, тілегім шын.
Сен менің жүрегімде орын алдың,
Білемісің, сен соны, білемісің?

Сені әрдайым қолдайтын да біз ғана,
Қолпаштайтын, қорғайтын да біз ғана.
Барлық әлем тәнті болып көркіңе,
Қарайды олар қызыға да, қызғана.

Бәйтерегің аспаныңмен тілдескен,
Есілің бар сұлулықпен үндескен.
Астананың көркіне көз тоймайды,
Керемет қой сұлулықпен күн кешкен.

Астанамыз жаңа, әсем, жас қала,
Алда тұрар, көшбасшы да, бас қала.
Астана-ол әр нәрсенің бөлшегі,
Басталмайды онсыз жаңа бастама.

Әсем қала, ару қала, Астана,
Төрткүл дүние мойындаған Астана.
Менің саған арнайтын бір тілегім,
Жаңара бер, көркейе бер, Астана!


Пікірлер (1)

ОЛРТОЛ АЕТЯЫ

АМПРТ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман қала-Астана өлеңінің авторы кім?

Дәурен Қуанышев — осы өлеңнің авторы.

Арман қала-Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман қала-Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Қуанышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман қала-Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар