Саксафоншы – Назира Бердалы

Бұл бетте «Саксафоншы» атты Назира Бердалы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1929
Тілсіз жылап өмірге ғашық әні,
Тәкаппар мұң табанға басылады.
Тиын тастап үлгермей тақияға,
Тағдырлылар...әр жаққа асығады.
Жалқы ғұмыр, жалқы жан, жалғыз әлем
Қолдан келсе, басқаша ән салғызар ем...
Қаланың қайғысына куә болып,
Жер астында сыңсиды жалғыз әуен.
Жалғыз әуен...
Жоғалған сенім бүгін
Жылыта алмай әуреде темір Күнін.
Саксафоннан сыңсыған сенің мұңың –
Сәуле таппай сенделген менің күйім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері