Кіріспе (Ұзынқұлақтан) – Арасанбай Естенов

Бұл бетте «Кіріспе (Ұзынқұлақтан)» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1334
- Тәнті қылған әніне,
Құлан жүйрік термеге
Әлгі біздің Әміре
Бармақ дей ме көрмеге?!.

- Еуропа көгінде
Қалықтатып қыранша.
Ұлы Париж төрінде
Сынап көрмек Франса[1].

Желдей ескен бұл хабар
Қайран қылып жаранды.
Жаңалық боп бір сонар,
Аймаққа тез таралды.

«Жел соқпаса бекерден
Шөптің басы тербелмес.»
Дәм бұйырып шет елден,
Жүрмек міне, керуен-көш.

Бетке алып Парижді
Шыққан ұлы сапарға,
Жұлдызқұрты тәрізді
Зымырайды отарба.

[1]. Франция


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері