Марапат – Арасанбай Естенов

Бұл бетте «Марапат» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1781
- Торы тайымен көрікті,
Жиен дара келіпті.
Ұтып алды сөйтіп ол
Темір тұлпар – великті!

Көптен биік өресі,
Шабандоздың төресі,
Кел, қанеки ортаға, -
Деп шақырды төреші.

Көк великке су жаңа
Қарап қоям ұрлана.
Көзді жаулап барады
Ақ шуақпен нұрлана.

Мұндай ыстық марапат
Құйды бойға шарапат.
Ел алдында есейдім
Сезім билеп алапат.

Бар қуаныш мендегі –
Торы тайым ерледі.
Алғашқы рет үзді ол
Бірінші боп кермені.

Ағайынмен көріскен,
Сапар болды келіскен.
Нағашымның аулынан
Қайттық үлкен жеңіспен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марапат өлеңінің авторы кім?

Арасанбай Естенов — осы өлеңнің авторы.

Марапат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марапат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арасанбай Естенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Марапат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері