Тірлік құрсын түтеген қаңырығы

Бұл бетте «Тірлік құрсын түтеген қаңырығы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Тірлік құрсын түтеген қаңырығы,
Шырға тартып аштырмай қарымымды.
Көздің жасын шыра етіп шүпілдетем,
Сағыныштан баса алмай сарығымды.
Сүлеленіп сана, ойым азғындады,
Алдамшы екен жап-жасыл жаздың бағы.
Жұлдыздарым көгімнен жоғалады,
Жарықты да көрмеймін, аз күн қалды.
Жалынымды жеп тындым лапылдаған,
Тауқыметің қоймады тақымдаған.
Өз қолымнан жібердім ардағымды,
Көрге кіру қалды тек батыл маған.
Қайрансызбын, дөкірлер мысты басты,
Қалтыратты үрейлі үн үсті-басты.
Жәбірейіл жанымда жүреді ылғи,
Іштірмейді жайменен түстік асты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері