Еске алу – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Еске алу» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2928
Ғашық болдым дедің бе, сен, шырағым?
Міндің онда ақ арманның пырағын.
Айтшы маған, жүрек симай кеудеңе,
Көкіректе сеземісің жыр-ағын?
Ғашық болдым дейсің шырақ, япырмай,
Өмір сені алға бастап жатырғай.
Үлкендерде бір кездерде ғашық боп,
Азап шеккен таңдайына татырдай.
Болсадағы дҽмі соның аùылау,
Өз еркіммен мен де есігін аштым-ау.
Сенем сонда, жігіт, ғашық болдың деп,
Айтса саған ішпей-жемей массың-ау.
Сезсең егер өзіңді құс қанаты,
Сезсең егер сейістей ұшқан аты.
Сезсең егер өзіңді қас батырдай,
Бір сілтесең жоқ болар дұшпан аты.
Өлең айтсаң жүрек жарды тоқтамай,
Алғың келсе бар жаманды боқтап-ай.
Сенем саған сонда ғашық болды деп,
Қорғап қалсаң бейтанысты оқтан-ай.
Сезіміңді ұрлап, қорлап тықпасаң,
Қыз көзінен басқа заттан ықпасаң.
Десең егер, қауіп-қатер немене,
Көп болғанда өлтірерсің, мықтасаң.
Талай түнде жауын-шашын, шықтасын,
Білсең дағы сол сұлудың шықпасын –
Сенем сонда нағыз ғашық болды деп,
Қыз үйінің ық жағына ықтасаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еске алу өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері