Мен іздеген біреу бар – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мен іздеген біреу бар» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен іздеген біреу бар...
Ол жүреді асфальтында қазақтың,
Топлиымен қытайдың.
Оған білем, сұрғылт күзде жолыққан,
Аққұба қыз ұнайтын.
Дәл өзіндей жапырақтан жанының,
Жауаптарын сұрайтын.
Ол мұңайса, тамшысында зиян жоқ,
Үнсіз ғана жылайтын...
Мен іздеген біреу бар...
Оның жаны күзгі суық түк емес,
Ызғарға да төзімді.
Мәңгі кетті махаббаттың бағынан,
Көшесінен безінді.
Жас жүрегі, үзілердей үп етсе,
Жапырақтай сезімді.
Көктен, жерден іздеп келем,
Бір мұңлықты – өзімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен іздеген біреу бар өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен іздеген біреу бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен іздеген біреу бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен іздеген біреу бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері