Сен мені ішіңнен түсінесің
Бұл бетте «Сен мені ішіңнен түсінесің» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен мені ішіңнен түсінесің,
Сыртыңнан тек түсінбеген боласың.
Жұрт көзінше бақаша ісінесің,
Үрген қарындай кейін соласың.
Күйдіріп шылым сар текпін ерніңді,
Ішіңді қызғаныш жыландай жалайды.
Білем мен сенің арғы-бергіңді,
Көргенмін мен де талайды.
Айрылар таңың аттыға ілесіп,
Жеткізбес саған есек дәме.
Көрші сен менімен бір күресіп,
Баққанша інде байғызша бәле!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі