Көк алаң – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Көк алаң» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1096
Етеді ылғи мені алаң,
Жусанды, еркек көк алаң.
Жаймасам құшақ, жұмып көз,
Ғашықты қалай өбе алам.
Аспандап көзім өтіппін,
Елемей, соқыр, кетіп тым.
Жастық қой шіркін қарайтын
Толтыра орнын кетіктің.
Көзбенен күткен сағыныш,
Өзіңе бүгін қарадым.
Ақ шалған басын бидайық
Не болған саған қарағым.
Қурапты сорлап бидайық
Тұрғанмен көктен нұр жауып.
Есебін тапқан қапыда,
Тамырсыз тажал шырмауық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк алаң өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Көк алаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк алаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк алаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері