Елуге келген Әбішке

Бұл бетте «Елуге келген Әбішке» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1781
Адайдың бетке ұстаған аймаңдайы,
Жоқтаудан ел мүддесiн таймайды әнi.
Сарайы – бейне қоржын, жинай берген
Сырларын ата-баба қай-қайдағы.
Заманның Әйтекесi бал таңдайлы,
Шегедi елi үшiн сан-сан қайғы.
Ортаға қамшы тастап айтар ой бар,
Қас батыр достан, жаудан тайсалмайды.
Қысылса күрестiрер Таусоғары,
Сағынса жан жұбатар кәусар әнi.
Қазақтың Әбiш деген бар данасы,
Танысқан шайқап басын тамсанады.
Әзiлқой жеңгелерге қылығы бар,
Терiске бұл әзiлдi бұзық ұғар.
Анаға, iнi-аға, дос-жаранға,
Әзiлдiң әдемiлеп бiзiн сұғар.
Түнерер қатуланса қара таудай,
Ашылмас дауылдатпай, сiрә жаумай.
Бурадай жарап жүрген бұрқ-сарқ қайнар
Қатептi қара нардай қомын шайнар.
Елуде жорға болдың тағаланып,
Ақ үйде отыр басың бағаланып.
Жан досым, Алла саған ғұмыр берсiн,
Шығарың талай шыңға маған анық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елуге келген Әбішке өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Елуге келген Әбішке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елуге келген Әбішке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елуге келген Әбішке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері