Әке жауабы

Бұл бетте «Әке жауабы» атты Сайын Назарбекұлы жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1037
Жас кезiмде толып тұрды жырға маң,
Ел өмiрiн елестеткен бұрмалаң.
Ендi, мiне, бейне мылқау әкедей
Үн қатпайды, сырын бүгiп тұр далам.
Тыңдап бiрде Досан батыр дастанын,
Шымырқанғам, кекке толып жас жаным.
Қорған болғым келiп кеткен батырға
Шейiт болған қорғап жерiн, аспанын.
Орақ атам жолдас болған Досанмен,
Әкем, анам таң атырды осы әнмен.
Отан сүю сабағындай жастарға
Ерлiктерiн ендi жырға қосам мен.
“Неге, неге?” – болды бiр кез сұрағым,
Кiл сұрақтан мен де ойымды құрадым.
Бiлмедi ме аямасын жауының,
Салды неге азаттықтың ұранын?
Құдiретiн зеңбiректiң, мылтықтың
Неге айтпаған түсiндiрiп жұрт ұқсын.
Сан боздақты өлiмге айдап, өзiн де,
Неге түстi жолына ол қырсықтың?
Тыңда, балам, сөзiн айттың жаттардың,
Жанға бола ар үстiнен аттар кiм!
Жассың әзiр, кешiрейiн, келешек
Сақ бол, балам, ендi естiсем, даттармын.
Күле алмайды қайсар елдi мазақ қып,
Жан қиятын игi жолда азаттық.
Ұл дегендер өлу үшiн туады,
Өз Отанын тазартқанша азат қып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке жауабы өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Әке жауабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке жауабы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке жауабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері