Туған жер

Бұл бетте «Туған жер» атты Сайын Назарбекұлы жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3445
Атыңды жаттап өскен жастан адам,
Туған жер, ыстықсың-ау басқалардан.
Өзiңнен сәл биiктi көрсем болды,
Өлеңмен әр төбеңе тас қалағам.
Жырлапты аталарым – “тауым биiк”
(Тұрмай ма биiк тауда жауын құйып)
Тұмсадай емiренген ботасына,
Кетемiн мен ерекше ауылда иiп.
Ауылда туған едiм сан ырымды,
Сағындым қаусырма атты қамырыңды.
Тереңге кеткем бойлап, көктеп шығам,
Шапса да мың бiр рет тамырымды…
Көз жетпес шексiз дала төңiрегi,
Маңғыстау ғажап сырлы өңiр едi.
Қырдағы “Қыземшектiң” төбелерi
Биiк боп бар биiктен көрiнедi.
Басқалар берсе пейiл зордан маған,
Мен сенен арқа сүйер қорған табам.
Сағынам домалақ бас кесiрткесiн,
Ой-қырда балалығым ордаңдаған.
Көрдiм ғой қиын күнде шарапатың,
Қымбат боп күннен күнге барады атың.
Өзегi өлеңiмнiң өзiң өңкей,
Ауылым, тамырымсың нәр алатын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері