Мен ұқыпты баламын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 9165
Кітап, дәптер, қаламым,
Сөмкеме оны саламын.
Күтетін оқу құралын,
Мен ұқыпты баламын.
Қалам алып қолыма,
Жазам дәптер жолына.
Қызыл, қара, көк қалам,
Менде сондай көп қалам.
Сұрағанда мұғалім,
Дайын оқу құралым.
Кітап, қалам, дәптерді,
Түгендеп күнде тұрамын.
* * *
Тұра салып тісімді,
Тап-таза қылып жуамын.
Көбейтем деп күшімді,
Жаттығу жасап тұрамын.
* * *
Әдебімді білемін,
Жамандықтан шектеймін,
Киімімді ілемін,
Шашып тастап кетпеймін.
* * *
Жарықты да сөндірем,
Суды барып тексерем.
Бұдан былай енді мен,
Үнемдеуді ескерем.
* * *
Айтқан ақылды ұғамын,
Жылы киім киінем.
Шат көңілмен шығамын,
Күнде ертең үйімнен.
* * *
Күнде кітап оқимын,
Нақыл сөзін теремін.
Көкейіме тоқимын,
Ұмытпаймын дерегін.
* * *
Бағып-қаққан ата-анам,
Үміті ертең ақталар.
Мықты азамат атанам,
Бүкіл қазақ мақтанар.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ұқыпты баламын өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен ұқыпты баламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен ұқыпты баламын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен ұқыпты баламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері