Жетіген туралы аңыз – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Жетіген туралы аңыз» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 6755
Жетігеннің жеті ішегін мұң алған,
Аты оның жеті әннен құралған.
Жеті ұлынан айырылған қария,
Қайғы жұтып, жеті күйді шығарған.
Бірінші ішек «Қарағым» қарманған,
«Қанат сынар» екінші ішек арман-ән.
Үшінші ішек «Құмарым» деп күйініп,
«От сөнер» деп төртінші ішек зарлаған.
«Бақыт көшті» – бесінші ішек жас толған,
Алтыншы ішек «Күн тұтылды» аспаннан.
Жетіншісін таққан кезде жетеуден,
Айырылыдым деп құса боп күй басталған.
Аңыз бізге тарих сырын шертеді,
Шындық жырын уақыт бірге ертеді.
Халқымыздың ұмытпасақ өткенін,
Туған елдің жарқын болмақ ертеңі.
Аңыз екен бізге жеткен бүгінде,
Әр аңыздың шындық жатыр түбінде.
Халқымыздың қазыналы тарихын,
Біз ұмытпай міндеттіміз білуге.
Жеті ішекпен жеті күйді тыңдатқан,
Тарихында тағылымды сыр жатқан.
Аңыз қайта санамызда жаңғырып,
Ұрпағына ғасырлардан тіл қатқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетіген туралы аңыз өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Жетіген туралы аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетіген туралы аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетіген туралы аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері