Өлең, жыр, ақындар

Тәтиді жоқтау

  • Bain
  • 04.05.2015
  • 1
  • 0
  • 23046
Қара бір таудың жылғасы,
Халқының бағлан құлжасы,
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы,
Алаштан дұшпан сөз келсе,
Алдында жүрер жорғасы.
Қара бір таудың өлкесі,
Аты Алтайдың серкесі,
Жарлығы жалған болмаған,
Хан, қараның еркесі.
Базарлап келген без еді,
Жақсыдан қалған көз еді,
Ебінің қызыл желіндей,
Саулап бір тұрған сөз еді.
Айдыны таудан зор еді,
Дәулеті көлдей мол еді.
Өзім бір деген Алашқа,
Аласы бір жоқ төре еді.
Айғыр бір қуған құлындай,
Адам аулын жақтаған,
Әділдікке салғанда,
Кәпір, қазақ мақтаған.
Құрама жиып, ел қылып,
Қосын таза сақтаған.
Тілі шайпау тентегі
Ақылымен тоқтаған.
Көлдегі аққу дауысты,
Ақ сұңқар құстай дабысты,
Ерегескен дұшпанға
Айдахардай шалысты.
Қайтпас қара бұлттай,
Қалшиғанмен қарысты.
Екі де тізгін бір айыл,
Бір өзім деп салысты.
Толқын топқа барғанда,
Иығы асып сөйлеген.
Сүйіндіктің баласын,
Өз ұлындай билеген.
«Елім Алтай екен!» - деп,
Ыркына зорлық қылмаған.
Ертегі өткен Асандай,
Елдің қамын ойлаған.
Асылық айтып Аллаға,
Күнәхар ғасы, болмаған.
Адалдығы ғалымдай,
Дін сөзіне тоймаған.
Ақылы және данышпан,
Кеудесіне сыймаған.
Мұнарадан жол алған,
Бұхарадан қол алған,
Жалғыз қылдан ніл алған.
Аруақты елдің қосы еді,
Адал пірдің досы еді.
Нияз алар мұртынан,
Мұрт деп барар жұртынан,
Қожалар оқыр құранды.
Құраннан басқа пайда жоқ,
Ажалдан айла жоқ.
Сарғайғанмен өлмек жоқ,
Уайымнан өнбек жоқ,
Әсіре кылыш жүзіндей,
Қалайы сандық ішіндей,
Алтын ділдә алпыс мың.
Қыс қонысын сұрасаң,
Қоян менен Жыланды,
Өзен аққан бойында
Мекен кылды Нұраны.
Тірісінде көп берді:
«Зекет!» - деп тай мен кұнанды.
Жесір қатын, жас бала,
Қайырымен жұбанды.
Жайлауға беттеп көшкенде,
Шаршатып жылқы айдаған.
Тайы қысыр қалмаған,
Тайлағы бота салмаған.
Сегіз руға мал беріп,
Сексен қысыр байлаған.
Бетегелі кең тарлау,
Беткейге біткен райдай.
«Дүниеден Тәти өтті!» - деп,
«Алтайдан қайрат кетті!» - деп,
Қожалар сызған сиядай
Дұшпанның көңілі тынды ғой.
Барсаң, сәлем дегейсің,
Ақжолдың ұлы Арғынға,
Атпен желі тарттырдым
Кереге бойы шалғынға.
Дұғай сәлем дегейсің.
Қошқарбай ұлы Қорамға,
«Қорам орта болды!» - деп,
Қоңсыны күндеп қазбасын,
Бір Аллаға жазбасын!
Ішіп,бір киіп, бұласын.
Сұм дүниенің өтерін,
Өлшенуменен ойласып!
Мың-миллионы кетсе де,
Төре алдына бармасын.
Жұмақтың төрі - он тарау,
Ойпай, күле жүргейсің.
Пейіштің төрі- бес тарау,
Белгілі болып жүргейсің.
Аллаға ісің ақ болса,
Ақ сарайға кіргейсің!
Нұрдың қызын сүйгейсің,
Торқадан көйлек кигейсің!
Шараба тұғыр шәрбатын,
Сусыныңа ішкейсің!
Иа, Мұхаммед, қолдағай,
Көп ұят еткен үмбетін!
Көп тілеуі көл болғай,
Көпсінгенде дәулетін,
Аян болсын әуретің!
Парша менен мәулімді,
Боз, бояқтай жұмсаған,
Жорға менен жүйрікті,
Тай, құнандай жұмсаған.
Кожалардың айтқаны,
О дүниенің сөзі еді,
Ақ кіреуке сыймаған
Алып бір туған жоталы,
Жарастықты мырза еді !
Алладан бұйрық келген соң,
Бұл дүниені қиғаны!
Шаңырағын идірген,
Шынар деген ағаштан,
Мал байлығы бір асты
Біткен қазақ алаштан.
Бетіне жан келмеген.
Майқыменен таласқан,
Үш Мейрамның ұлында:
Қуандық пен Сүйіндік,
Жан жоқ бұған таласқан.
Ексе де елге, бітер ме
Мырзада мұндай жарасқан
Бесінде мектеп оқыған.
Алтысында ақыл тоқыған,
Жетісіне шыққанда,
Жетпіс бірден сөз сұрап,
Құдықтай көзін шоқыған.
Сегізіне келгенде,
Сүйіндікке бас болған,
Аққан сеңдей толқыған!
Тоғызына келгенде,
Туған айдай балқыған.
Енді он жасқа шыққанда,
Дәулеті көлдей шалқыған.
Он біріне шыққанда,
Ардағы асты халқынан,
Он екіге шыққанда,
Құр қайтпады нарқынан.
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,
Салиқалы би болды,
Жесір менен жетімге,
Тігіп бір қойған үй болды.
Жетім менен жесірдің,
Болып өтті азығы.
Аз ғана ауыл Сүйіндік,
Аз күн болды қазығы.
Өз бауырым деп жан тартпай,
Тіл жаздырып, дат айтпай,
Әділдікке салғанда,
Еш бар ма еді жазығы?!
Ат басына соқтырып,
Ақы айтпаған дуа ғып,
Аузына күпір көп түспей,
Алласын күткен мұңайып!
Сексен үшке келтірмей,
Ажал берді Құдайы.
Өткен іске салауат,
Артының қайырын сұрайық!
Самарқанда сайлатты,
Сары алтыннан түймесін.
Хазірет те соқтырды,
Ақыретте күймесін.
Аруақ ата қалаумен,
Аруақты баба жебесін!
Жауаптамаң жар болып,
Иніне шайтан мінбесін.
Ғалам білген Тәтиді
Жоқтаусыз қалды демесін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғалының мырзалығы

  • 0
  • 0

Пайғамбар — Хақ Мұстафа, Құдай дос-ты,
Ғалыға Фатима атты қызын қосты.
Хасен бірлан Хұсайын онан туып,
Күнайыр (Күнәкар) көп үмбетке ара түсті.

Толық

Тақпақ

  • 1
  • 0

Арай, арай, арай бар,
Арай толған сарай бар.
Бурылша атқа бұғау бар,
Бұғауды кесер егеу бар.

Толық

Пайғамбардың өсиеті

  • 0
  • 1

Және бар үшбу жерде бір нақлият,
Әбулһайыс Самарканд атты (атлы) бір дат.
"Ақырғы өсиеті бұл еді", - деп,
Өзінің кітабында аслады (айлады) жат.

Толық

Қарап көріңіз