Екі сөз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Екі сөз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4639
Бір сөз бар дүниеде өлмейтұғын,
Қарыштап қанатын кең сермейтұғын.
Жиһанға жағып берген құдіретті
Жарығы өмір-бақи сөнбейтұғын.
Нұрланып жер шарының бар алабы,
Сол сөзден алтын сәуле таралады.
Көктемде желек жайған жауқазын да
Сол сөзден тал бойына нәр алады.
Ол – бейбітшілік!
Бір сөз бар дүниеде артық жүрген,
Өртпенен айналасын шарпып жүрген.
Тарихтың алға айналған доңғалағын
Үнемі артқа қарай тартып жүрген.
Адамның аңсағаны, үміт әні –
Жүректі бейбітшілік жылытады.
Өрт болып, ажал шашқан сөздер болса,
Біржола әлем бір кез ұмытады.
Ол – соғыс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері