Баянды болсын осы күн – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Баянды болсын осы күн» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 1
  • 5204
Тәңірден талант дарыған,
Ертеңін елдің таныған.
Қорғасындай балқытып,
Қызыл тілімен қарыған.
Сары майдан қыл тартқан,
Кестелі сөзден гүл таққан,
Иіні қатты ерлерді,
Иілтіп сөзбен жұмсартқан.
Бұлбұлдай тілі сайраған,
Ақиқат жолдан таймаған.
Баталы елдің баласын,
Аталы сөзбен қайраған,
Абыздар күткен осы күн.
Азуын айға білеген,
Шіреніп найза тіреген.
Жолына шықса тықсырып,
Қолына түссе іреген.
Жебесін атса боздатқан,
Құралайды көзге атқан.
Жарау атпен қар кешіп,
Үзеңгісіне мұз қатқан.
Жауының құтын қашырған,
Қуаты бойда тасынған.
Алқымдап келген дұшпанды,
Алтайдан ары асырған,
Батырлар күткен осы күн.
Салауат айтып өткенге,
Тәуелсіз күнім жетті елге.
Жаратқан осы аңсаған,
Күнімді енді көп көрме?
Арқада тірек – Ақордам,
Алашқа жүрек – бақ ордам.
Шығысымда айдаһар,
Батысымда сары орман.
Салтанатым жарасқан,
Қызығып әлем қарасқан.
Көрікті болсын керуенің,
Кетпесін БАҚ, ҚҰТ алаштан.


Пікірлер (1)

Акшабак Абилдаева

Негизи СерикАкирамулынын олендери жаман емес жаксы бирак коп ягни узакта

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баянды болсын осы күн өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Баянды болсын осы күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баянды болсын осы күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баянды болсын осы күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері