Қалмақ Сарыарқадан ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Бұл бетте «Қалмақ Сарыарқадан ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сорқара. Сортың бар ма?
Сүрлеп жайған етің бар ма?
Көнек, Толағайың бар ма?
Көнекте тұрған қымызың бар ма ?! -
деп ұрсады екен. Сорқара, Сорты - Сарысу мен Нұраның аралығында «Құланөтпес», «Үшкөң» - дейтұғын өзендер бар. Сол маңдағы жер аттары. Көнек Толағай - Сарысу бойындағы төбелердің аттары. Өзге жерден малының сүті мен еті күшті, қуатты болады. Алтай, Қарпықтың қазығы, Тінәлі, Тоқтамбет деген халықтың жайлау, қыстауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері