Ахау, сары қыз – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, сары қыз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2352
Алыстан ат терлетіп-ай, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәдай, дай-ай, болып ойда-ай.
Түйілген қыран бүркіт-ой, біз боламыз,
Теңгеріп жүрме құрбым, әдәдай, дай-ай, тұрымтайға-ай.

Қайырмасы:
Ахау, сары қыз,
Екі-ай дарбыз,
Ойнайды теңін тауып,
Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой.

Алыстан ат терлетіп-ой, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәйдай, дай-ай, болып ойда-ой.
Мұндай той күнде қызық-ой, бола бермес,
Құрбылар ойна да, күл әдәдай, дай-ай, осындайда-ай.

Қайырмасы:
Ахау, сары қыз,
Екі-ай дарбыз,
Ойнайды теңін тауып,
Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері