Э-ға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ойламайын десем де шектеуменен,
Өзің жайлы бір ауық еткем-ді елең.
Еске алмай-ақ қояр ем мүлдем,
бірақ,
Кетпейді екен ажырап өткен менен.

Бақ көлігін біз біраз айдап едік,
Түсіп қалдық айыр жол жайға келіп.
Көз бен естен кеткелі біраз болды,
Жүр екенсің, бүгінде, қайда, неғып?

Тұрмыс құрам деп едің хабарыңда,
Ең соңғы рет,
Бағыңды табарыңда.
Содан бері қолға алмай суретіңді,
Содан кейін келген жоқ қарағым да.

...Тарихымның сен жарқын беттерісің,
Бала күннің ақырғы шектеуісің.
Жиі еске алып отырсам өзің жайлы,
Балғын дәурен, бәрі де өткен үшін.

Сені, әйтпесе, ұмытқам әлдеқашан,
Болар ма едім, бақтыңа сәл баласаң.
Ұстап көргем жоқ бірақ, қолыңды да,
Ғашық едім мен неткен аңғал-асау.

...Сезім өшіп өзіңе кеткенменен,
Ойға аламын, жымиям, көп тербенем.
Еске алмай-ақ қояр ем, мүлдем, бірақ,
Кетпейді екен ажырап өткен менен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Э-ға өлеңінің авторы кім?

Нұрболат Жексенбай — осы өлеңнің авторы.

Э-ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Э-ға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрболат Жексенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Э-ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.