Айныман

Бұл бетте «Айныман» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Айтса-дағы айныман
Көлденеңнің сөзіне.
Әшкере болған ісім бар
Жайылған жұрттың көбіне.
Кеткенім жоқ олжа үшін,
Кетіп едім елімнен
Атаңа нәлет Жәңгірдің
Қан жылатқан заңы үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн-түн қатып жүргенім -
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін.


Пікірлер (3)

Нурдаулет

Керемет жазымсиз

Разам

Сайтты үлкейте алатын қылуларыңызды сұраймын

Дархан

Кез келген телефонда бар емес па үлкейтетін

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айныман өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Айныман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айныман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айныман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері