Гауһар тас (3-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гауһар тас (3-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3276
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гауһар тас (3-нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Гауһар тас (3-нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гауһар тас (3-нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гауһар тас (3-нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері