Ер шөгіп, есер ержетті – Дулат Бабатайұлы

Бұл бетте «Ер шөгіп, есер ержетті» атты Дулат Бабатайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 5147
Қылығың жалған туысқан,
Қырт пен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан күйшіл бүркіттей,
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әркімге
Жұмсайтұғын малайым.
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын? –
Асыл сөзден бұл кетті.
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл батасын,
Мойнына алмай қатасын,
Шаруа десе, жиреңдеп,
Өсек десе, сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаңдасып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын,
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артына қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны жілік боп,
Тілегені бүлік боп,
Момынды сорып сүлік боп,
Арам дауға келгенде,
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат-шапанға ілік боп,
Параны көздеп би кетті.
Сөзден кетіп бәтуа,
Базынаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадір, қасиет, сый кетті.
Ескіден қалған бұрынғы
Бәтуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол –
Қасым салған қасқа жол
Жарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле, дау болып,
Ұлғайып пәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді,
Шешесі айтса, кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,
Дамбалын тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Арасынан жем тауып
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан мал табылмай,
Ашылған етек жабылмай,
Біріне-бірі сеніспей,
Бет-бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті.
Татуға өсек жүргізіп,
Бәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ержетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер шөгіп, есер ержетті өлеңінің авторы кім?

Дулат Бабатайұлы — осы өлеңнің авторы.

Ер шөгіп, есер ержетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ер шөгіп, есер ержетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дулат Бабатайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ер шөгіп, есер ержетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері