Дайдай-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дайдай-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1144
Қатқылға жол салады шұбырған мал,
Құйрығы кер тор аттың он екі тал.
Ауылына жан досымның, әй, барамын деп,
Қалмады кер тор атта өкпедей жал.
Дайдай-ау.

Жайнаған қару болат тастан шығар,
Жұлқынған ерен жүйрік жастан шығар,
Аңдай бас аяғыңды, құрбыларым,
Дұшпаның алыста емес достан шығар.
Дайдай-ау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері