Дариға (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дариға (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2084
Алдында есігімнің балғын көл-ді, ай,
Балығын балғын көлдің, алғым, келді, ау.
Бірге өскен кішкентайдан қыз Дариға-ау, ай,
Жеріңде аттандырған, қалғым келді, ау.

Қайырмасы:
Ей! Ойпырмай!
Күйіп-жанып барамын,
Бағы бар маңдайында
Сені тапқан адамның.

Жарқылдап алтын-күміс тағынғаның,
Дариға, кәне, сенің сағынғаның.
Төрт бөліп түн ұйқымды келгенімде,
Уәдеңе келмей қалып не қылғаның.

Қайырмасы:
Ей! Ойпырмай!
Күйіп-жанып барамын,
Бағы бар маңдайында
Сені тапқан адамның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері