Жігіт әні – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жігіт әні» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1781
Сөйлейін сөйле десең ырғаңдатып,
Шоқ тағар кейбір маңғаз сұлғаңдатып,
Төрт бөліп түн ұйқысын жүрген жігіт,
Жүрмей ме әрбір елдің дәмін татып, ай-ай.

Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.

Қыз мінген қызыл аттың жорғасындай,
Басайын келсе даусым ырғаңдатып.
Ей! Жақсы қыз қырдың қызыл түлкісіндей,
Ойнасаң ебін тауып құрбылатып, ай-ай.

Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.

А-хау, болғанда қыздар түлкі, жігіт мерген,
Ер жігіт аңдығанын алмай ма атып.
Өзіңе анық ерік бермесе де,
Құрбыңа қадыр білер ақылдасып, а-ай.

Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.

Сұлумен өзің сүйген өмір етіп,
Аузынан сол сұлудың өмір татып.
Жеңгемен қадір білер болсаң тату,
Аларсың сол сұлуды жақындатып, а-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт әні өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Жігіт әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері