Өлең, жыр, ақындар

Жалған дүние

  • kz2015
  • 12.05.2015
  • 2
  • 13
  • 53942
Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған? -
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,-
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған?!



Пікірлер (13)

Багдаулет Алибай

Менин оиымша осы олендердин калаи аитылатынын видеога тусирп, ар өлеңге коисаныздар жаксы болады деп ойлаймын

Багдаулет Алибай

Сонда жаксы болады/а былай супер

дана

керемет

дана саги

оте керемет олен

Нурлан

Осы өлеңнің жалғасы бар ма? әлде осы ғана ма?

Лиза Тенизбаева

Өлеңнің мағнасы өте терең жазылған, қайдағы жоқ корейскии шатынаған әндерден үлгі алғанша мына қанат жайып келе жатқан біздер осындай ата бабаларымыздан үйренуіміз керек

Санжар

Өлеңдері өте жақсы əсерлі.

Акося

Әсерлі өлеңдер екен,негізі Өтемісұлының өлеңдерін сүйіп оқимын

Нұрлан Алдабергенов

Өте керемет маған ұнады

Каракат

Маган катты унады недеген әсерлі сөздер

Ақниет

маған ұнады М өтемісұлынан жарысқа бармақшымын жақсы болды

Айка

Оте асерли болды
Керемет маган унады

Ержан

Оте асерли супер

Пікір қалдырыңыз

Абайламай айрылдым

  • 0
  • 3

Абайламай айрылдым
Ар жақтағы елімнен –
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,

Толық

Аспандағы бозторғай

  • 0
  • 2

Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.

Толық

Аспанда ұшқан ақсұңқар

  • 0
  • 0

Аспанда ұшқан ақсұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын.

Толық

Қарап көріңіз