Көкем-ай

Бұл бетте «Көкем-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2572
Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы:
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай!
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы:
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкем-ай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Көкем-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкем-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкем-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері