Күлиләу – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Күлиләу» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1069
Қонған жері аулымның қоғалы көл-ай,
Қозысы өлсе қоңыр қой болады төл, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, гай-гай, Күлиләу-ай.

Ерке қыздың аулынан шыққанымды-ай,
Қоңыр салқын алдымнан соғады жел, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, гай-гай, Күлиләу-ай.

Аулым көшіп барады Қызылжарға,
Таң рауаны шығыстан сызылғанда.
Осы әнге қоңырлатып сала бердім,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда.

Аулым көшіп барады Құмкөшуге,
Түйе жақсы тегінде мінгесуге.
Аулың алыс кеткенде, беу, қарағым,
Көңлім соқпас ешкіммен тілдесуге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлиләу өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Күлиләу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлиләу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлиләу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері