Қазалыда бір қыз жүр – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қазалыда бір қыз жүр» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1181
Қазалыда бір қыз жүр сәулеленген,
Көрген жігіт сәулені әуреленген.

Қайырмасы:
Беу-беу Бақилай,
Аха-хау,
Әдемі қыз, Халима-ай.

Сәуле жанның кигені ноғай бешпент,
Желді күні етегі дөңгеленген.

Қайырмасы:
Беу-беу Бақилай,
Аха-хау,
Тез келсейші, Халима-ай.

Қазалыда бір қыз жүр қасын керіп,
Ән салғанда жүрсейші қасыма еріп.
Сататұғын байлардың аты болсаң,
Алар ем қос жорғаның бәсін беріп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері