Қара қия – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара қия» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1454
Келемін тау қиялап төмендетіп,
Құйрығын көкшолақтың сүмеңдетіп.
Түскенде сен есіме асыл еркем,
Қоямын атыңды атап өлеңдетіп.

Қайырмасы:
Халәләй, халәләкүләй,
Ләләләлә, ләләләй!
Лиләләләку, лиләләләку,
Қоямын атыңды атап өлеңдетіп-ай.

Шырқайын әнге салып, жүз құбылып,
Сөйлейін ишаратпен судай тұнып.
Көңілің шыныменен болса менде,
Ешкімге сөйлемеші мойның бұрып.

Қайырмасы:
Халәләй, халәләкүләй,
Ләләләлә, ләләләй!
Лиләләләку, лиләләләку,
Қоямын атыңды атап өлеңдетіп-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері