Қаракөз (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаракөз (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1540
Кез болдың тәтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тыйылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сыйынбаған.

Қайырмасы:
Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Сонадан сәулем келгенше,
Көкіректе дертім бар.
Ал қаракөз,
Қалдым кейін,
Мен не дейін,
Уа шіркін-ай...

Ей, қалқа, мендей адал сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.
Жанымды өз жолыңнан аямаймын,
Өзің біл ғашығыңды зар еңіретсең.

Қайырмасы:
Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Сонадан сәулем келгенше,
Көкіректе дертім бар.
Ал қаракөз,
Қалдым кейін,
Мен не дейін,
Уа шіркін-ай...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері