Қар екен десем – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қар екен десем» атты Роза Сейілхан жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қар екен десем,
Мұз-ақ екен ғой,
Аязға шеті желінген,
Көктемнің жолы ұзақ екен ғой,
Ерте келуге ерінген.

Қар екен десем,
Қырау екен ғой,
Бетіне жердің себілген,
Жүрудің заңы құлау екен ғой,
Жеңіске жетер жеңілген.

Қар екен десем,
Ақ әлем екен,
Адалдық болып көрінген,
Отырған қыстың тағы әдемі екен,
Күмісі күн боп төгілген.

Қар екен десем,
Құсқанаты екен,
Шұғыла тамса еріген,
Аспанға ол да ұшпаған екен,
Алдамшы неткен өмір ең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері