Жұбану – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жұбану» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзімді жүрмін
мұңға шын батырып,
Таңымды үмітпенен
күнде атырып.
Мүсіндеп қиялымда
жасап алған,
Бақытым келмей қойды-ау,
ырғатылып.
Білмеймін нені күтем,
нелерді аңсап,
Жанымда жылап жатыр
өлең-моншақ.
Бәрі де қалады ғой
дүниенің,
Таусылып талқанымыз
өлер болсақ.
Сезімім сергелдеңге
салады енді,
Әлегін мына көктем
ала келді.
Тұңғиық көк аспаннан
маңғазданып,
Менің де бір жұлдызым
жанады енді.
Жанады, жанбайды деп
айтам қалай,
Нұр шашып, көкжиектен
байқалды арай.
Өзіне ынтық етіп
онан сайын,
Өзгеше тал-қайыңның
жайқалғаны-ай.
Апыр-ай, мына күннің
құмартқаны-ай,
Сылдырап, ән айтады
бұлақ қалай?!
Жабыққан жанарымды
самал өбіп,
Жылаған жүрегімді
жұбатқаны-ай.
Бұл күн де өтер ме екен
тұрақтамай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері