Жанымды жалған сөзге жалдай алман

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жанымды жалған сөзге жалдай алман,
Болмапты қайсымызда қандай арман?
Махаббат сәтті­сәтсіз кезін айтпай,
Біреуді, өзімді де алдай алман.
Жоқ бірақ өкінішім қапа шеккен,
Жүрегім құрбыларға адал кеткен.
Қайтейін, ойда барын айта алмапты,
Ауылдас қаракөзден қате кеткен.
Кейде бір келіп қана кетеді естен,
Татқаным – тәтті ләззат тетелестен.
Алшақтап әр қияға кете бардық,
Білмеймін кім екенін қателескен.
– Ойлаушы ек
Салқын жүрек, тұйық жан деп,
Ой, Алла­ай,
Қалай сені жуытқан? – деп
Бір құрбым сұрайды екен бәйбішемнен, –
Әлде өзің қағып па едің иықтан? – деп.

1966


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымды жалған сөзге жалдай алман өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Жанымды жалған сөзге жалдай алман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жанымды жалған сөзге жалдай алман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымды жалған сөзге жалдай алман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері