Өмірім менің, көңілім менің – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Өмірім менің, көңілім менің» атты Кәкімбек Салықов жазған өмір туралы өлең берілген.

Менде ме, менде, досым,
Құрдастар көп,
Ақынжанды, ақ ниет сырластар көп.
Солар күтіп жүргендей сезінемін
Қашан тағы кезекті жыр бастар деп.
Кімім көп бұл өмірде –
Қанаттас достарым көп,
Ұшар сәтін тұратын қоштағым кеп.
Достарым көп,
Қасым аз болғаннан ба,
Есік қақпай кіретін қостарым көп.
Сыйлап жүрер өзімді,
Әрине, інілер көп.
Дәріс сұрап алдыма жүгінер кеп.
Бастан өткен ғадет қой,
Олар­дағы
Бізді сырттан айтады­ау «ірілер» деп.
«Ірілік» жоқ,
Менде әсте кішілік көп,
Қиналма, інім,
Сыр бүкпе қысылып тек.
Біздің үйдің есігі күнде ашық,
Дидарласып көр­дағы, түсініп кет.
Тың өріс,
Ой орманын аралар кеп,
Еркелейтін алдымда ағалар көп.
Ағалар­ай!
Арыстар!
Барың жақсы,
Өмір нарқын сендерсіз шамалар ма ек?
Аға­іні,
Достарды көпсінбеймін,
Тек жақсылық жанымнан
Өрсін деймін.

1966


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері