Ауа – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ауа» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1946
Есіңде бар ма ел қонған мезгіл жайлауға?
Көде мен көкпек көз жауын алып сайларда,
Табаның жерге тұра алмаушы еді тайғанап
Сәскенің сәруар сәулесі қырды шайғанда.
Жібектей жұмсақ ауасын айтсай бәрінен,
Және де соны сімірсең-ау бір сәріден.
Санаңды үрлеп үр жаңа еткен кезінде
Алқоңыр-шабыт оянар еді әріден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері