Көдесі семіп, көлдері солып күзде бір – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көдесі семіп, көлдері солып күзде бір» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1425
Көдесі семіп, көлдері солып күзде бір,
Тұнжырап тұрар шақ болады ғой түзде өмір.
Қоныстан безіп, өрісті өзгертіп, жай іздеп,
Құс болып кетсек, қайтер еді егер біз де бір?!
«Көгерер-ау» деп сартап боп қалған сары қыр,
Көктемді күтіп қарайлаймыз ғой тағы бір.
Отыққан жері Отан боп кетер оларға,
Құс болып кетсек, Отанның орны толар ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері